The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Дубайдың халықаралық әуежайлары жұмысты ішінара қайта бастады

Дубайдағы екі халықаралық әуежайды басқаратын мемлекеттік оператор – Dubai Airports олардың жұмысы ішінара қайта басталғанын растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Компанияның мәлімдемесінде бірқатар рейс Дубай халықаралық әуежайынан (DXB) және Әл-Мактум – Дубай Уорлд Централ (DWC) әуежайынан орындалатыны айтылған.

Жолаушыларға әуе компаниясы рейсті нақты растаған жағдайда ғана DXB немесе DWC әуежайларына баруға кеңес беріледі. Өйткені рейстер кестесі үнемі өзгеріп отырады, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ Dubai Airports компаниясы тиісті органдармен бірлесе отырып, жағдайды тұрақты түрде бақылап отырғанын атап өтті.

Айта кетейік, Дубайда екі халықаралық әуежай жұмыс істейді – DXB және DWC.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысы елді мекендерді газдандыру жұмыстары бойынша көшбасшылар қатарында тұр

admin

Түркістан облысында 13 жайлы мектеп пайдалануға берілген

admin

Алматыда қатты жел соғып, қоршауларды ұшырып әкетті

admin