The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Екі адамды белгісіз біреулер атып кетті

Полицейлер Түркістан облысында ауыр қылмыс жасады деген күдіктілерді ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

5 тамызда екі белгісіз адам Арыс қаласында салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, белгісіз қарудан оқ атып, қашып кеткен көрінеді.

Үйдің иесі және оған құрылыста көмектескен танысы алған жарақаттарынан қайтыс болған. Сондай-ақ, құрылысқа көмектескен екі ер адам оқ жарақатын алғаны анықталып отыр. Олар бірден ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. «Ұстап алу» жоспары қабылданды. Күдіктілердің жеке басын анықтау мен оларды ұстау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Болған оқиғаның барлық жағдайы анықталып жатыр. Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында, — деп жазылған ІІМ-нің ақпаратында.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері құпия ұсталады. 

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев АҚШ сенаторын қабылдады

admin

Түркістан облысында мұғалімдер интернетке қосылу үшін дала кезіп жүр

admin

Қазақстанда жыл сайын 30 мың адам кенеттен жүрегі тоқтап қайтыс болады

admin