The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Елімізде азық-түлік тауарларының көтерме бағасы өсті

Бір жыл ішінде азық-түлік тауарларының көтерме құны 0,8%-ға өсті (2023-2024 жж.ақпан), деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Бұл ретте Шымкентте өнімдер 9,1%-ға, Алматы облысында — 5,5%-ға, Астанада — 4,8%-ға, Қарағанды облысында — 3,9%-ға қымбаттады. Бұл елдегі ең жоғары көрсеткіш.

Бірақ кейбір аймақтарда көтерме бағалар, керісінше, төмендеді. Солтүстік Қазақстан облысында — 2,9%, Абай облысында — 4,5%, Батыс Қазақстан облысында — 5,6%, Ақтөбе облысында — 7,5%, Түркістан облысында — 10,1%.

Бағаның айтарлықтай өсуі жұмыртқаға (+9,9%), жемістерге (+8,7%), күрішке (+7,2%) және минералды суға (+7,2%) әсер етті.

Сондай-ақ көтерме саудагерлер алкоголь бағасын — 3,9%-ға, сүт өнімдерін — 3,7%-ға, ет өнімдерін — 2,1%-ға, етті — 1,4%-ға көтерді.

Дегенмен кейбір өнімдер арзандады, мысалы, көкөністердің көтерме құны 25%-ға, қант — 17,1%-ға, өсімдік майы — 11,3%-ға, ұн — 10,1%-ға, шоколад және қанттан жасалған кондитерлік өнімдер — 6%-ға төмендеді.

Ұқсас жаңалықтар

Енді қыз алып қашқан жігіт қана емес, қасындағылар да сотты болуы мүмкін

admin

Мәжілісте ғылым мәселелері бойынша заң жобасы қаралады

admin

Алдағы көктемде картоп бағасы 185 теңгеден аспайды

admin