Имам ер азаматтардың Рамазанда жиі жіберетін қателігін атады

Танымал имам Тимур Әлиев ораза ұстаған ерлерге үндеу жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Имам қазақстандық ерлерді ауызашарды әйелімен және балаларымен бірге өткізуге шақырды. Оның пікірінше, бұл отбасылық қарым-қатынасты нығайтады.

Рамазан айында бауырлар бір-бірін жиі ауызашарға шақырады. Дәмханаларда немесе үйлерінде жиналады. Сол кезде ер азаматтар өздері ғана жұбайларынсыз жиналады. Олай болмаса, мешіттегі ауызашарларда уақыт өткізеді. Бұл уақытта отбасы назардан тыс қалады. Бұл кішкентай мәселе сияқты көрінгенімен, күйеуі ешқандай харам іс істеп жатқан жоқ, бірақ маған сеніңіздер, әйелдерден осындай мазмұндағы сұрақтар өте көп келеді, бұл олардың жан айқайы, – деді Тимур Әлиев.

Әлиев халал дәмханадан үстел брондап, ауызашарды балаларымен және жұбайымен бірге өткізуге кеңес берді.

Маған сеніңіз, бұл сіздердің қарым-қатынастарыңызға оң әсерін тигізеді,– деп мәлімдеді имам.