The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

«ІСКЕР ҚАЛА» бағдарламасы арқылы 215 жоба мақұлданды

Шымкент қаласы әкімінің бастамасымен қолға алынған «Кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған «Іскер қала» жобасына биыл 1,4 млрд. теңге қаржы бөлінген.

Бүгінде ерекше креативті бизнес идеясы немесе аяқтан тұруды қажет ететін кәсібі бар бастамашыл 215 жобаға 516,3 млн. теңгеге қолдау көрсетілді. Оның ішінде шағын несиелендіру бойынша 497,8 млн. теңгеге 204 жоба, жалдау ақысын өтеу бойынша 18,5 млн. теңгеге 11 жоба мақұлданды.

Шымкент қаласы кәсіпкерлік саланы дамыту бойынша елімізде алдыңғы озық қалалардың қатарында.

Айта кетсек, «Іскер қала» өңірлік бағдарламасының ерекшелігі жас және әйел кәсіпкерлер үшін жылдық 1%-бен 10 млн.теңгеге дейін жеңілдетілген несиелер қарастырылған. Сонымен қатар, өнеркәсіптік парктерді дамыту мақсатында кәсіпкерлерге тоқтап тұрған өндірістік кәсіпорындардан өнеркәсіптік алаңдар беріледі. Өнеркәсіптік парк аумағында өз жобасын іске асыру үшін 2%-бен 50 млн. теңгеге дейін жеңілдетілген несиелер алуға болады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

 Лос-Анжелес саябағындағы атыс: Екі адам өліп, бес адам жараланған

admin

«Алаяқтардың 80%-ы намаз оқитындар». Зайытов ойын түсіндірді

admin

Жамбыл: облыс әкімі облыстағы діни бірлестіктердің басшыларымен кездесті

admin