Қар, боран, тұман: 22 ақпанда қолайсыз ауа райы күтіледі

«Қазгидромет» Қазақстан аумағына арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Болжамға сәйкес, жексенбі күні елімізде қолайсыз ауа райы күтіледі.
Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар ықпалын сақтайды. Соған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ болады, ал елдің солтүстігі мен солтүстік-батысында қалың қар жауады, — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі болжанып отыр.








