The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 27 АШЫҚ СПОРТ АЛАҢШАСЫ САЛЫНАДЫ

Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында ауқымды шаралар қолға алынған.

Қаратау ауданының өзінде бұл жылы 32 аулаға қосымша балалар ойын және спорт алаңшаларын салу жұмыстары жоспарланған. Қала әкіміне бұл бағыттағы атқарылған жұмыстар жөнінде аудан әкімі А.Әліқұлов баяндап өтті.

Тұран шағын ауданындағы Адия тұрғын үй кешені мен Асар шағын ауданында орналасқан 3 ауланы абаттандыру және Халық қатысатын бюджет жобасы аясында 4 аула, 1 елді мекенге (Тұран ш/а Отау Строй т/к, Өтеміс т/а) балалар ойын алаңшасын салу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

21 аулаға (Тұран ш/а, Ақжайық ш/а, Асар ш/а) балалар ойын алаңшасы мен жаттығу тренажерларын орнатуға қаржы қаралған. Қазіргі таңда аулалардың мемлекеттік актілері рәсімделген.

Ашық спорт алаңшаларына келер болсақ, ауданда 25 ашық спорт алаңшасы мен 2 әмбебап спорт алаңшасы салынатын болды.

Сонымен қатар, Бозарық шағынауданы мен Қайнарбұлақ тұрғын алабына демеушілер есебінен ашық спорт алаңшасы салынып, ел игілігіне пайдалануға берілгенін жеткізді.

 

Ұқсас жаңалықтар

«Қазіргі қоғамдағы жастар, жұмысқа орналасу мәселелері: лайықты еңбек немесе эксплуатация»

admin

Шардара су қоймасындағы су деңгейі азайып кетті

admin

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ 7 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН БИЫЛ ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

admin