The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Қарулы күштер Бас штабының бастығы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге барды

 Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов 61993, 18404 және 99250 әскери бөлімдері әскери қызметшілерінің су тасқынына қарсы атқарып жатқан жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Бас штаб бастығы Орал қаласындағы жағдаймен және Жайық өзенінің арнасынан асу салдарын жоюға бағытталған жұмыстардың барысымен танысты. Ми-8 тікұшағымен ол Теректі, Бәйтерек және Бөрлі аудандарын айнала ұшты.

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары жеке құрамның жұмысына қажетті мүлікпен, медициналық қызметпен және тамақпен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды.

Әскери қызметшілермен кездесуде генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов оларға батылдығы, төзімділігі және әскери борышына деген адалдығы үшін алғысын білдірді.

Жеке құрамның қатысу мәселелерін реттеу және су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге қосымша күш-құралдар жіберу мақсатында Бас штаб бастығы Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында да болды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда ашық аспан астында «Алтын күз әуендері» атты мерекелік шара ұйымдастырылды

admin

Түркістан: Сарыағаш пен Сайрамдағы әлеуметтік нысандардың жай-күйі сарапталды

admin

АЭС салу — электр энергиясының импортына деген тәуелділікті азайтады

admin