The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Қазақ тілі үшін үлкен тілдік модель жасалады

Мемлекет басшысы Meta компаниясының вице-президенті Янн Лекунды қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Meta компаниясының вице-президенті, жасанды интеллектіні зерттеу бөлімінің (FAIR) бас ғылыми жетекшісі Янн Лекун инновациялық технологияларды дамыту және қолдану жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы нейрожелілер саласындағы Янн Лекунның жаңашыл жетістіктерін жоғары бағалап, оның жасанды интеллектіні дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

Президент Қазақстанның жаппай цифрландыруды және жасанды интеллектіні дамудың басты факторы ретінде кеңінен қолдануды қарастырып, дербес ЖИ экожүйесі мен Қазақ тілінің үлкен тілдік моделін (KazLLM) жасақтауға күш салып жатқанын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Meta Platforms Inc компаниясымен Қазақстанда ЖИ технологияларын дамыту бойынша бірлескен акселерациялық бағдарламаны іске қосу жөніндегі келісімге қол қойылуын құптап, технология алыбымен өзара тиімді серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.

Ұқсас жаңалықтар

В ТУРКИСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ РЕМОНТИРУЮТ 6 МОСТОВ

admin

Иновация : Шымкенттегі мектептер биыл «ақылды» турникетпен толық қамтылады

admin

Түркістан: Отырарда қазақ күресінен жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтіп жатыр

admin