The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықСпорт

Қазақстан футзал құрамасы екінші ойында Өзбекстанды 5:2 есебімен жеңді

Қазақстан құрамасы мен Өзбекстан арасында өткен екінші жолдастық кездесуде қазақстандықтар 5:2 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Екі елдің бапкерлік штабтарының келісімі бойынша матч жабық форматта, көрермендер мен тікелей трансляциясыз өтті. Қазақстан құрамасынан Азат Валиуллин, Альберт Ақбаликов, Біржан Оразов және Ақжол Дәрібай гол соқты.

Бұған дейін өткен алғашқы ойында Өзбекстан құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Айта кетсек, Қазақстан құрамасы Еуро-2026 турниріне қатыспайды. Келесі ресми сын — Әлем чемпионаты – 2028 іріктеу кезеңі, ол 2026 жылы басталуы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Бүгінде әр азамат елдің саяси өміріне еркін араласуға мүмкіндік алды – депутат

admin

Елорданың Алматы ауданында workout-аймағы бар заманауи аула ашылды

admin

Түркістан облысы тұрғындарының өтініштері тыңдалды

admin