The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Қазақстан мен Әзербайжан әскери қызметшілері тәжірибе алмасты

 Астанаға Әзербайжан Қарулы күштері Әскери полиция бастығының орынбасары, полковник Мирхамид Нагиев бастаған әскери делегация сапармен келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шетелдік делегация Ақмола өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасы жеке құрамының күнделікті тіршілік әрекетімен, ондағы кинологиялық қызметтің ұйымдастырылуымен танысты. Меймандарға құқық қорғау органдарының жабдықтары мен әскери техникасы көрсетілді.

Әзербайжан қорғаныс ведомствосының өкілдері әскери полиция мамандарын дайындау орталығында болып, материалдық-техникалық жарақтандырылуымен және оқу бағдарламасымен танысты.

Әскери полиция қызметкерлері әскери қызметтің қауіпсіздігін, алдын алу іс-шараларын және әскерлер қызметін ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасты. Кездесу соңында тараптар өзара қызығушылық тудыратын салалардағы ынтымақтастықтың әлеуетін атап өтті.

Сапар бағдарламасы аясында меймандар Мемлекеттік әскери-тарихи музейде, ҚР Ұлттық музейінде және елорданың басқа да бірегей нысандарында болды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Қазығұрт ауданында 4 жаңа мектеп бой көтерді

admin

ҮЕҰ арасында сыйлықақы беру үшін конкурс басталды

admin

Мақтааралда 520 орындық спорт кешені ашылды

admin