The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Қазақстан мен Ресей су тасқынына байланысты жедел ақпарат алмасуда

  Қазақстан мен Ресей су тасқынына байланысты жедел ақпарат алмасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ресей Федерациясының аумағында бірқатар трансшекаралық өзендер бойынша су тасқыны ағынының қалыптасуына байланысты ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Росгидрометпен тәулік бойы гидрологиялық деректер алмасады.

Тараптар гидротехникалық нысандардың апатсыз жұмысын қамтамасыз ету үшін екі елдің шекаралас аймақтарындағы су тасқыны жағдайын жіті бақылауда ұстап отыр.

Ресейлік әріптестерімізбен соңғы деректерді алмасқаннан кейін еліміздегі су қоймаларының су ағынын дәлірек реттеуге мүмкіндігіміз бар. Ресей Федерациясының су ресурстары федералды агенттігімен тығыз ынтымақтастық табиғаттың тосын мінезіне алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді, — деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Ұқсас жаңалықтар

«Рұқсатың керек емес, кімсің сен?» – Нұрлан имам ауыз бекіткен жұптар туралы айтты

admin

Қазақстандықтарға 100 мың теңгеден бастап өтемақы төленетіні рас па

admin

Единственное в казахстане профильное учебное заведение по подготовке кадров для индустрии туризма действует в городе Туркестан

admin