The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Қазақстан туристік бағыттар тізімінде 52-орында тұр

 Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Карипбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, рейтинг Дүниежүзілік экономикалық форумның саяхат пен туризмді дамыту жөніндегі индексіне сәйкес анықталады.

Екі жыл бұрын еліміз 117 елдің ішінде 66-шы орынды иеленген болатын,осылайша бірден 14 позицияға көтерілді. Біздің ұзақ мерзімді мақсатымыз — осы рейтингтің үздік 50 еліне кіру. Қазір біз осы мақсаттан екі позицияда тұрмыз. Баға бәсекеге қабілеттілігін, қызмет көрсету сапасын және әлеуметтік-экономикалық әсерді қоса алғанда, әртүрлі критерийлер бойынша рейтингті жақсарту біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды көрсетеді, — деді Нұртас Карипбаев.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Созақ ауданында 14 мыңнан аса көшет егілді

admin

Грекия-Қазақстан 5-0: Футболшыларымыз Еуро-2024-ке жолдамадан қағылды

admin

Сарбаздың өзін өлтіруіне себепші болды деген әскери қызметшіні сот ақтады

admin