The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Роман Скляр премьер-министрі міндеттерін уақытша атқаратын болады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы

2024 жылғы 05 ақпан

Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.
  2. Қазақстан Республикасы Премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін.
  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.
  4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2024 жылғы 5 ақпан

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Сенаттың кулуарында БАҚ өкілдері сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевқа «Үкімет отставкаға кете ме?» деп сұрақ қойған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте мердігерден арендалық үйлер сатып алына бастады

admin

Түркістанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығында 30 мұқтаж отбасы баспаналы болды

admin

Шардарадағы жаңа жол – ауылдардың дамуына серпін: Жаушықұм мен Қалғансырды жалғайтын автожол ел игілігіне берілді

admin