The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықСаясат

Қазақстан-Жапония әуе бағыты қайта жанданады

Қазақстан мен Жапония арасында әуе қатынасын қалпына келтіру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиеваның Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті tлшісі Ямада Джун мырзамен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Жапония арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесін талқылады.

Салтанат Томпиева қазақстандық әуе компаниялар 2025 жылдың бірінші жартысында екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлады.

Ямада мырза өз кезегінде бұл мәселеде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін хабарлады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар елдер арасындағы экономикалық, іскерлік және мәдени ынтымақтастықты кеңейту үшін әуе қатынасын қалпына келтіру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

Ұқсас жаңалықтар

По дорожной карте бизнеса предусмотрено в шесть раз больше средств, чем в прошлом году

admin

Алматы тұрғындары мен қонақтары 100 тонна алмадан дәм татты

admin

Праздник весны в сердце Алматы: концерт и ремесленная ярмарка на площади Абая

admin