Қазақстанда енді 66 км/сағ жылдамдықтан бастап айыппұл салына ма? ІІМ түсіндірді

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде тараған, бейнебақылау камералары жылдамдықты 66 км/сағаттан бастап тіркейді деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ешқандай өзгеріс енгізілген жоқ. Елдімекендерде жеңіл автокөліктер үшін әлі де стандартты норма – 60 км/сағ. Камералар тек 70 км/сағ және одан жоғары жылдамдық асырылғанда ғана тіркейді, — деді ведомствода.
Құқық қорғау органдары жүргізушілерді тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.









