The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Қазақстанда Иранның мәдениет күндері өтеді

 Қазіргі уақытта Қазақстан мен Иран мемлекеттері арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келеді, ал өзара мәдени-гуманитарлық сала елдер арасындағы жалғаушы көпір саналады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондай-ақ, белсенді әріптестік кинематография, қайта жаңарту және кітапхана қызметі салаларында айқын көрінеді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова мен Иран елшілігінің Қазақстандағы мәдениет істер жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Талеби Матинмен кездесті. 

Іс-шара барысында қазақстандық тарап 2025 жылы Қазақстанда Иранның мәдениет күндерін, ал 2026 жылы Иранда Қазақстанның мәдениет күндерін өткізуге дайындық барысын талқылады.

Өткізілетін іс-шараларға екі тараптың қатысуы мемлекеттеріміз арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ, қуатты тарихи іргетасы, ортақ мәдени және рухани құндылықтар негізінде Иранмен көп қырлы қатынастарды дамытуға бағытталатынына сенімдімін,- деді Күміс Сейітова.

Сондай-ақ, кездесу барысында бірнеше мәселе талқыланып, екі елдің ұлы тұлғаларына ескерткіш орнату ұсыныстары айтылды. Айта кетейік, Тегеран қаласында 2024 жылдың 11 ақпан күні қазақстандық режиссер Асхат Кучинчирековтың «Бауырына салу» кинокартинасы «ФАДЖР» халықаралық кинофестивалінде «Қазылар алқасының арнайы сыйлығы» номинациясының жүлдесіне ие болды.

Ұқсас жаңалықтар

Үкімет Ақтауда бу-газ қондырғысын салу туралы келісімді мақұлдады

admin

ШЫМКЕНТ: 2021-2022 жылдарға арналған жылу маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде

admin

Шымкент қаласында Оңтүстік айналма жолының құрылысы жүргізілуде

admin