The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Қазақстанда қоғамдық тамақтану орындарының саны өсті

 Қазақстанда қоғамдық тамақтану орындарының саны өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, былтырғы жылы 15 826 орын тіркелді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 4,5% артық (15 146 бірлік).

Өткен жылы мейрамханалар санының өсуі ерекше байқалды, 2023 жылы олардың саны 2 303 болса, 2022 жылы 2106 бірлік болған.

Асханалар саны да 4 752-ден 5 383 бірлікке дейін өскен.

Мейрамханалар мен асханалар санының өсуі аясында кафелер саны кері динамиканы көрсетті, 2022 жылғы 5 016-дан 2023 жылы 4 479 бірлікке дейін қысқарған.

Өңірлер бөлінісінде мейрамханалардың ең көп саны Астана (400 бірлік), Алматы (351 бірлік) қалалары мен Түркістан облысында (213 бірлік).

Кафелер – Алматы (508 бірлік), Астана (385 бірлік) қалаларында және Қарағанды облысында (464 бірлік) көп. 2023 жылы қоғамдық тамақтану саласында көрсетілген қызметтер көлемі 1,1 трлн теңгені құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 11,9% артық.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкенттік дәрігерлер жыл басынан бері тік ішектің атрезиясымен туған тоғыз шақалаққа сәтті ота жасаған

admin

115-летие легендарного полководца: память Бауыржана Момышулы почтили в Астане

admin

Түркістан: шекара маңындағы жер телімдеріне қатысты мәселе талқыланды

admin