The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықДенсаулық

Қазақстанда травматология мен ортопедияға MISSO роботтық жүйесі енгізілді

Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығында ортопедиялық операцияларды жоспарлау және жүргізуге арналған MISSO роботтандырылған хирургиялық жүйесі енгізілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға Үндістанның Қазақстандағы Елшісі Сайлас Тангал қатысып, екіжақты медициналық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты атап өтті. ҰҒТОО директоры Олжас Бекарисов жүйенің хирургиялық дәлдікті арттырып, жоғары технологиялық ортопедиялық көмек мүмкіндіктерін кеңейтетініне тоқталды.

Қазақстанда жыл сайын эндопротездеуге қажеттілігі 120 мыңнан асатын пациенттің 18 мыңға жуығы операциядан өтеді, ал роботтық технологиялар емдеудің сапасы мен стандартын жақсартуға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Шардара: Алатау батыр ауылында шаруаларды қолдау мақсатында семинар өтті

admin

Cу мәселесі: 2026 жылы су көлемі азаюы мүмкін

admin

Трамп құрған «Бейбітшілік кеңесі» Қазақстанға не береді?

admin