Қазақстанда вице-президент болады

Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда вице-президент деген лауазым енгізілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президент Ұлттық құрылтайда тағы бір лауазымды енгізуді ұсынды. Вице–президентті президент өзі тағайындайды.

Жоспар бойынша, вице-президент президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының мүдделерін халықаралық форумдарда, тиісті мемлекеттердің делегацияларымен келіссөздерде ұсынады, президенттің атынан парламентпен әрекеттеседі, сондай-ақ отандық және шетелдік қоғамдық, саяси, ғылыми, мәдени және ағартушылық ұйымдармен байланыс жасайды, және басқа да президент тапсырмаларын орындайды. Осы негізгі ережелер, яғни вице-президенттің қызметтік функционалы, Конституция мәтінінде де көрініс табуы тиіс, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.