The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратӘлемБасты жаңалықБілімҚоғамСаясат

Қазақстандық оқушылар OIBO-2026 халықаралық ашық биология олимпиадасына қатысуда

2026 жылғы 15-22 мамыр аралығында Ресей Федерациясында биология пәні бойынша Ашық халықаралық олимпиада (OIBO) өтуде. Зияткерлік дода федералдық «Сириус» аумағы мен Ресей Федерациясы Оқу-ағарту министрлігінің «Талант және табыс» білім беру қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда.

Қазақстан құрамасы 6 оқушы мен команда жетекшісінен құралған:

Қайркен Ерсұлтан – Павлодар облысы «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Желтова Софья – Алматы қаласы Медеу ауданындағы Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;
Билялов Нурали – Павлодар облысы «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
Мұқашев Дарын – Шығыс Қазақстан облысы «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Әділғали Нұрасыл – Маңғыстау облысы «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
Меженина Евгения – Қарағанды қаласындағы Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы.

Команда жетекшісі – Дінмұхаммед Серікұлы Уразбаев, «Astana Medical University» КЕАҚ-ның 4-курс студенті.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұл олимпиадаға 2025 жылы алғаш рет қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Олар, 2 алтын, 4 күміс медаль жеңіп алып, командалық жобалық турда I орынды иеленді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Созақ ауданында өнеркәсіп өнімі көлемі 100 млрд. теңгеге артты

admin

Қазақстан тасымалдаушылары жүкті Қытай порттарына дейін жеткізе алады

admin

Көкшетауда газ сату компаниясының басшысы 270 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

admin