The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Қазақстандық теннисші Александр Бублик рекорд орнатты

Әлемнің 23-ші ракеткасы Александр Бублик Дубайда өткен ATP-500 турнирінің финалында жеңіліп қалды, бірақ рекорд орнатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның ерлер құрамасының көшбасшысы шешуші ойында әлемнің 18-ші ракеткасы франциялық Уго Умберден екі сетте 4:6, 3:6 есебімен жеңілді.

Теннисшілер алаңда 1 сағат 26 минут ойын өткізді. Матч барысында қазақстандық спортшы 9 эйс пен алты брейк-пойнттың екеуін орындады.

Финалдағы жеңіліске қарамастан Бублик АТР-дің жаңартылған рейтінгінде өзі үшін де, Қазақстан үшін де рекордтық 19-шы орынға көтерілді. Бұған дейін ешқашан Қазақстан өкілі әлемдік рейтингте алғашқы жиырмалыққа кірген емес.

Ұқсас жаңалықтар

СМИ рассказали о содержании «секретных переговоров» между США и Россией

admin

Алматыда заманауи жер асты қоқыс контейнерлері орнатылып жатыр

admin

Қала қонақтары рухани-мәдени орталықтағы туристік нысандарды аралап, өзгерістерге тәнті болды

admin