Қазақстандық жұмысшылардың қай салада көбірек жұмыс істейтіні анықталды

Қазақстандық жұмысшылардың қай салада көбірек жұмыс істейтіні белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ұлттық статистика бюросы мәлім еткендей, 2025 жылғы IV тоқсан қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасында 9 278,9 мың адам жұмыспен қамтылған. Оның ішінде: 7,2 млн – жалдамалы қызметкерлер (77%) 2,1 млн – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (23%).

Жұмыспен қамтылғандардың үлесі ең жоғары салалар:

Сауда – 17%;

білім беру – 13,2%;

өнеркәсіп – 12,5%;

ауыл шаруашылығы – 10,3%;

көлік және қойма – 7,2%;

құрылыс – 6,8%;

денсаулық сақтау – 6,6%:

2024 жылғы сәйкес тоқсанмен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамту көлемі 110 мың адамға артты, өсімнің басым бөлігі жалдамалы қызметкерлер есебінен қамтамасыз етілген, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда қанша қала мен ауыл бар екені белгілі болған.