The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Қазақстандықтар бір аптада 717 тарихи-мәдени ескерткішке тазалық жұмысын жүргізді

Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елімізде тарихи-мәдени нысандарды тазалауға және абаттандыруға бағытталған «Киелі мекен» апталығы аяқталды. Жеті күн ішінде 717 тарихи-мәдени ескерткішке тазалық жұмыстары жүргізілді. 

Атап айтсақ, «Отырар» мұражайы, «Бұланты шайқасы» тарихи-мәдени орны, «Тамғалы тас» археологиялық кешені және т. б. нысандарға тазалық жүргізілді.

Жамбыл облысының тарихи-мәдени нысандарын тазалау кезінде еріктілер қола дәуірінің петроглифтерін тапты. 

Сондай-ақ Астана қаласында жас жұбайлар алаңы ашылды. Ал Алматы облысында Орталық саябақта бір рет қолданылатын ыдыстардан фотоаймақ, пластикалық қалдықтарды жинау және кәдеге жарату үшін балық инсталляциясы құрылды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында 8-20 сәуір аралығында өңірлерде 770 мың адамды қамтитын 3,7 мыңнан астам іс-шара өтті.  

22-27 сәуір аралығында аумақтарды көгалдандыруға, гүлдер, көшеттер отырғызуға, ағаштарды ақтауға бағытталған «Жасыл аймақ» апталығы өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы тұрғындары ақылы автотұрақтарды алып тастауды талап етуде

admin

Шымкентте қоштасу хатын жазып, үйінен кетіп қалған жеткіншек аман-есен табылды

admin

Арман Сәбитов: «нәтижелі жұмыстар жүргізіп, нақты шаралар қабылдау қажет»

admin