The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Қазақстандықтардың несиелері кешіріліп жатқаны рас па?

 Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді.

Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді, тек ресми ақпарат көздерін пайдалануларыңызды сұраймыз, сондай-ақ әртүрлі делдалдардың көмегіне жүгінбеуге кеңес береміз. Еске саламыз, Қазақстан Республикасының заңнамасында жалған ақпарат таратқандарға жауапкершілік көзделген, — делінген агенттік таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда елде қарыз алушылардың банктермен, микроқаржы ұйымдарымен (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл жасауының бірыңғай тетігі қолданыста.

Ұқсас жаңалықтар

“TURKISTAN” телеарнасын халықаралық деңгейге көтеруіміз керек

admin

Қазығұрттағы «TURKISTAN» кәсіпкерлік орталығының кәсіп бастағандарға көмегі көп

admin

Шымкентте қандастарға қолдау көрсетілуде

admin