Қазақстанның үш дипломаты Ираннан Әзербайжанға эвакуацияланды

Қазақстанның Ирандағы дипломатиялық корпусының қызметкерлері Әзербайжанға эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Report агенттігінің мәліметінше, «Астара» мемлекеттік шекаралық өткізу бекеті арқылы Қазақстанның үш дипломаты, сондай-ақ Ресейдің сегіз азаматы эвакуацияланған.

Айта кетейік, бұған дейін Әзербайжан арқылы Германия мен Испанияның дипломатиялық өкілдіктерінің 19 қызметкері эвакуацияланған болатын.

Еске салайық, бұған дейін бір түннің ішінде Таяу Шығыс елдерінен шамамен 1800 қазақстандықтың шығарылғаны хабарланған еді.