The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Қазгидромет еліміздің 4 өңірінде су тасу қаупі бар екенін ескертті

 Синоптиктер еліміздің төрт облысының тұрғындарына су тасқыны қаупі туралы ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 24-26 наурыз күндері күн жылынып, Атырау облысында қар қарқынды ери бастайды. Осыған қарай Қызылқоға, Жылыой аудандарындағы шағын өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін, жауын-шашын болуы ықтимал.

Сондай-ақ 25-28 наурызда ауа температурасының одан әрі көтерілуіне байланысты Батыс Қазақстан облысында қар еріп, өзендердегі су деңгейі көтеріліп, су тасқыны болуы мүмкін. 26 наурызда БҚО-ның кей жерлерінде жаңбыр жауады.

24-29 наурыз аралығында Қарағанды облысы мен Ұлытау облысында қар қарқынды еріп, оңтүстік өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін, салдарынан автожолдар, елді мекендер мен шаруашылық құрылыстарын су басу қаупі жоғары.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте дизель отынын ұрлаған күдікті камераға түсіп қалған

admin

Жұмыс уақытында донор ретінде қан тапсырсам, жалақым сақтала ма?

admin

Бейісбековтер әулеті «Мерейлі отбасы -2023» байқауының лауреаты атанды

admin