The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Қазығұрт: бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Жеке қабылдауға келген тұрғындар аудан әкіміне өтiнiш-тiлектерiн жеке-жеке жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.

Қабылдауға келген Алтынтөбе ауыл округінің тұрғындары  388 гектар жер мәселесін шешуді жеделтетуді  сұранды.  Қақпақ елді мекенінің тұрғыны Көктөбедегі  жайлым жер мәселесін алға тартса,  Қазығұрттық тұрғын  жәрдем ақы бойынша жүгінді.

Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның мәселесін тыңдап, заңдылыққа сәйкес түсініктеме берді.

Мәселелерді  шешу үшін тиісті бөлімнің жауапты қызметкерлеріне тапсырмалар жүктеді.

Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Көп қабатты үй тұрғындарына жаңа басқару нысанына көшудің маңыздылығы түсіндірілді

admin

Қазақстан инновацияда 81-орында: Саясат Нұрбек жүйедегі негізгі проблемаларды атады

admin

Арыс қаласы қостанаймен бірге!

admin