The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Қазығұрт: тамыз конференциясы өтті

Жылдағы дәстүр бойынша Қазығұрт ауданында Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет” тақырыбында Тамыз конференциясы өтті. Аудан әкімі  алдымен аудандық білім саласындағы жетістіктері мен даму перспективасы туралы көрмемен танысты.  Қазығұрттық педагогтардың басын қосқан шарада жаңа оқу жылындағы өзгерістер талқыланып,   жоспарлар түзілді. Жиында сөз алған аудан басшысы Арман Абдуллаев ауданда жеті білім нысандарының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқандығын, ал апатты және үш ауысымды мектептердің мәселелері шешілетіндігін жеткізіп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Сондай-ақ,   бала тәрбиесінде талмай еңбек етіп, білім саласының жақсаруына елеулі үлес қосып жүрген ұстаздар қауымы облыс, аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Ақтөбе облысында 10 жастағы бала іздестіріліп жатыр

admin

Үкімет тарапынан маңызды жобаларды қаржыландыру бойынша қолдау көрсетіледі – Бектенов

admin

Төлеби: ҚР АШМ асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау ережесінің жобасын әзірледі

admin