The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Кентау: қала әкімі орталық өкілдерімен кездесті

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қалалық этно-мәдени орталықтардың өкілдерімен, аналар кеңесінің мүшелерімен және қоғамдық келісім мүшелерімен кездесті.

Кездесу барысында ұлтаралық татулық, аналарға жағдай жасау және қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мақсатында орталықтардың маңызы сынды мәселелер талқыланды.  Одан бөлек кеңес мүшелері қаладағы бірқатар өзекті мәселелерді қозғап, тұрғындардың уәжін жеткізді.

Қала әкімі сөз соңында қаланың даму жолында бірге жұмыс істеуге және алдағы уақытта өзекті мәселелерді бірге шешу жолында еңбек етуге шақырды.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталады

admin

Абай облысында есірткі қойып кетуші топ қолға түсті

admin

Депутат жастардың тәрбиесіне қатысты дабыл қақты

admin