The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Кентау: тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер назарға алынады

Қала әкімі Жандос Тасов қаладағы тұрғындардың өтінішіне орай 66 орам, С.Сейфуллин, Құрманғазы, Құсшы ата елді мекенінің тұрғындарымен кездесті.

Онда тұрғын үйлерге жүргізілетін құрылыс жұмыстары, ойын алаңшалар, аула ішіне жол салу секілді бірқатар мәселелер көтерілді. Құсшы ата елді мекеніне дәріхана мен ем-дом жасайтын амбулатория қажеттілігі айтылды.

Қала басшысы тұрғындар тарапынан жолданған әрбір мәселе назарға алынып, тиісті жұмыстарды жүргізу бойынша бақылауда болатынын атап өтті.

Келесі кездесуде айтылған арыз, өтініштердің орындалуын шешу бойынша атқарылатын жұмыстар баяндалатынын жеткізді.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

admin

Ұлттық қор табысын арттыру үшін инвестициялау тәсілін өзгертпек

admin

Шымкент: қала әкімі ардагерлерді қарттар күнімен құттықтады

admin