The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Кентауда мың оқушыға мектепке қажетті құралдар берілді

Кентау қаласында «Мектепке жол» акциясы аясында бірқатар білім ордаларына қажетті құралдар берілді. Қала әкімі Жандос Тасов мектеп оқушыларымен кездесіп, жаңа оқу жылымен құттықтады. Мемлекет балалардың сапалы білім алуы үшін барлық қолдауларды атқаратынын атап, білімді болуға шақырды. Қала басшысы жас білімгерлерге мектепке қажетті құралдарын табыс етті. Әр жыл сайын өткізілетін акцияға қаладағы «KAZ ENERGY OIL» компаниясының өкілдері өз үлестерін қосты. Компания өкілдері Кентау қаласының мектептеріне 200 компьютер алып берді. Сонымен қатар 1000 оқушыға сабаққа қажет құралдарын тапсырды.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңiнде қолдау көрсету. Мұндай қайырымдылық шарасы тамыз айының соңына дейін жалғасады. Бұған дейін қаланың жанашыр азаматтары 300-ге жуық балаға мектепке қажетті құралдарын алуға көмек көрсеткен болатын.

Кентау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

28 мамырда 18 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

admin

Түркістан: ардагер спортшылар үстел теннисінен жарысты

admin

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкіміне маңызды міндеттер жүктеді

admin