The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Кентауда өрт-тактикалық жаттығуы өткізілді

 

Тілсіз жаудың алдын алған жөн. Бүгін Кентау қаласы Төлеби көшесі  №59А көпқабатты тұрғын үйге шартты өрт – тактикалық оқу жаттығу ұйымдастырылды.  Оқу жаттығуға 2 өрт сөндіру автокөлік 1 өрт авто сатысы және  жеке құрам 10 адам қатысты.

Оқу жаттығудың мақсаты өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамының дағдыларын практикалық пысықтау және қала тұрғындарын төтенше жағдайлар орын алған кезде іс-әрекетін үйретіп көрсету.

Оқу жаттығу кезінде көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, тұрғындар далаға шығарылды. Іште қалып қойған жас бала мен орта жастағы азамат құтқарылды. «Мұндай оқу-жаттығулардың кәсіби шеберлікті арттыруға ықпалы мол. Оқу-жаттығу өз деңгейінде өтт. Алдағы уақытта да өз жалғасын табатын боладыі», деді – Кентау қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы С.Төлегенов

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Елге тауық жұмыртқаларын әкелуге уақытша тыйым салынды

admin

Қазығұрт: аудан әкімі Арман Абдуллаев тұрғындарға жеке өтініштері бойынша кезекті қабылдауын өткізді

admin

Нұр-Сұлтан соты марафоншы Жыланбаевтың айыппұл жазасын өзгертпеді

admin