The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Қоғамдық WI-FI орнатылуда

Аудан тұрғындары мен қонақтарына жайлы жағдай жасау мақсатында қоғамдық орындарға тегін Wi-Fi нүктелерін орнату жоспарланған болатын. Осыған орай Ленгір қаласының орталық алаңында тегін Wi-Fi нүктелері орнатылды. Қазіргі уақытта тегін ғаламтор күнделікті тұрақты жұмыс жасап тұр. Сонымен қатар «Жастар» және «Тәуелсіздік» саябақтарындағы Wi-Fi нүктелерін интернет желісіне қосу жұмыстары жүргізілуде.

Интернет қызметінің жылдамдығы 30-40 Мбит/с-ты құрайды. Бұл интернет қолданушыларға әлеуметтік желілерді пайдалануға, сайттарды қарауға, ән тыңдауға, видео көріп, оны жүктеп алуға мүмкіндік береді.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлер саны бір жылда екі есеге жуық артты

admin

Балалар лагерінен спирттік ішімдіктер табылды

admin

Президент Жапониядағы қазақстандық мамандармен кездесті

admin