The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Көлігіне рұқсат етілмеген жарық сигналдарын орнатқан жүргізуші жауапқа тартылды

Түркістан облысында көлігіне рұқсат етілмеген қызыл-көк түсті жарық сигналдарын орнатқан жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Telegram парақшалардың бірінде Mercedes автокөлігіне рұқсат етілмейтін қызыл-көк түсті жарық сигналдарын орнатып, мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз трассада емін-еркін жүрген бейнежазба тараған болатын. Аймақтағы полиция департаменті қызметкерлері видеоның мән-жайын анықталды.

Оқиға Төлеби ауданындағы Қасқасу ауылының тас жолында болған. Көлік иесі Шымкент қаласының тұрғыны, жас жігіт. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 590-бабының 2-бөлігі және 603-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айыптұраққа қойылды, — деп жазды ІІМ-нен.

Жүргізуші кінәсін толық мойындап, жасаған әрекеттері үшін өкініп, алдағы уақытта мұндай бассыздықтарға жол бермейтінін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Найзағай, өрт: Астана мен 14 облыста дауылды ескерту жарияланды

admin

Әйтенов қаладағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады

admin

Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

admin