The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Коммуналдық тарифтер қымбаттай ма? – Ресми жауап берілді

Астанадағы Табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының орынбасары Мағжан Қуанышбек бүгін қала тұрғындарымен өткен онлайн-кездесу барысында олардың сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кездесу кезінде тұрғындар шенеунікке «Коммуналдық қызмет тарифтері тағы да қымбаттай ма?» деген сауал қойды.

Биылғы жылдың соңына дейін су, жылу және электр энергиясы тарифтерінде тұтынушылар үшін өзгеріс болмайды, – деп жауап берді Мағжан Қуанышбек.

Оның сөзінше, алайда келесі жылы тарифтердің көтерілуі әбден мүмкін. Себебі департаментке қаладағы негізгі табиғи монополиялар субъектілерінен тиісті өтінімдер түскен.

Алдағы жылға департамент «Астана Теплотранзит», «Астана РЭК» және «Астана Су Арнасы» сияқты табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдерін қарап жатыр, – деді ол.

Еске салсақ, 2026 жылы Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтері орта есеппен 20-30%-ға қымбаттайтыны хабарланған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа бюджет жоспары: 2026 жылы кіріс артады

admin

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР НЕГІЗІНДЕ СҰХБАТ БЕРДІ

admin

ШЫМКЕНТ: В отдаленных населенных пунктах города будут построены 12 врачебных амбулаторий

admin