Қонаевта Қазақстандағы ең үлкен мұз айдыны ашылды

 Алматы облысы — табиғат пен заманауи өркениет үндескен, саяхатшыны бірден баурап алатын өлке. Мұнда қысқы туризм жаңа сипат алып, демалушыға өзгеше серпін сыйлары анық, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көркем табиғатымен ғана жанды баурап қоймай, жаңашылдыққа жаны құмар әрбір адамды өзіне тартатын ерекшеліктер бұл өлкеде жетерлік. Ал биыл, аймақтағы қысқы туризм ерекше сипатқа ие болмақ. Өйткені, Алматы облысында — Орталық Азиядағы ең үлкен мұз айдыны ашылады.

Аумағы 22 100 шаршы метр мұз айдыны Қонаев қаласынан орын тепкен.

Ашық аспан астындағы мұз айдынында ырғақ пен қозғалыс үйлесім тауып, қысқы маусымды белсенді өткізетіндер үшін таптырмас орынға айналары сөзсіз.

Ал, таулы аймақтарды тамашалауды қалайтындарға Oi-Qaragai құшағын ашуға дайын. Теңіз деңгейінен 2140 метр биіктіктегі бұл курорт қар жамылған шыңдарымен, көкжиекке ұласқан аумағы жаныңды баурайды. Бұл да Орталық Азиядағы ең ұзын тау шаңғысы трассасы деп саналады.

Алматы облысының туристік бейнесін айшықтайтын бұл мекендер, бірі — энергия мен эмоцияға толы, екіншісі — табиғатпен үндескен тыныштық мекені. Бұл жерлерге келген жан тек демалып қайтпайды, ол жаңа әсер, жаңа тыныс, жаңа шабытпен оралады.