The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Қошқар Ата өзенінің жағалауы абаттандырылуда

Қазір қала тұрғындарының сүйікті орындарының бірі — Қошқар ата өзенінің жағалауы абаттандырылуда. Бүгін қала әкімі М. Әйтенов 1,8 шақырымды құрайтын аумақта атқарылып жатқан абаттандыру жұмыстарын тексерді.

Нысан құрылысын «Стронг Сервис» ЖШС мердігер мекемесі жүргізуде. Жобаға сәйкес абаттандыру аймағында қоршаулар озық үлгіде жаңаланып, күркелер мен әткеншектер және балалар ойын алаңшалары салынады. Осылайша демалушыларға заманауи талапқа сай қолайлы жағдайлар жасалады.

М. Дүйсенбекұлы аумақтағы жарықтандыру жүйелерін демалушылар үшін ыңғайлы етіп, қоқыс жәшіктерін ұлғайту қажеттігін ескертті. Тұрғындарға қосымша бассейн орнату бойынша тапсырма берді. Абаттандыру жұмыстары өндірістік кестеге сай биыл қазан айында аяқталады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Төтенше жағдайлар департаменті жылу беру маусымына дайындықты қатаң бақылауда

admin

Экономист болжамы: Теңге күшін сақтап қала ма?

admin

Елордалық оқушы Еуропада абсолютті жеңімпаз атанды

admin