The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ҚР Парламенті мәжіліснің депутаты жұмыс сапарымен Шымкентке келді

ҚР Парламенті мәжіліснің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракция мүшесі Оспанов Берік Серікұлы Шымкент қаласындағы жұмыс сапары аясында Еңбекші ауданында орналасқан «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан бірқатар өндіріс орындарын аралап жұмысымен танысты.
Елбасы, «Nur Otan» партиясының көшбасшысы Н.Назарбаевтың 2005 жылғы 6 шілдедегі Жарлығымен Шымкент қаласында құрылған «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы бүгінде өңіріміздегі жеңіл өнеркәсіп саласының локомотиві болып табылады. Себебі, қазіргі таңда бұл экономикалық аймақта отандық нарықты қамтып қана қоймай, өз өнімдерін шет мемлекеттерге экспорттап жатқан ауқымды кәсіпорындар жұмыс жасауда.
Сондай жетекші кәсіпорындардың бірі 2013 жылы құрылған «KazBioLife» ЖШС макулатурадан және гофрокартоннан картон қағазын шығаратын фабрикасы бүгінде 50 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Өндіріс қуаттылығы жылына 10 миллион шаршы метр өнім шығаруға қауқарлы.
Кездесу барысында Берік Серікұлы бүгінде еліміздің өнеркәсіп секторында жеңіл өнеркәсіптің маңызы жоғары екендігін, әлеуметтік маңызға ие жеңіл өнеркәсіп саласы экономиканы түрлендіруге, әлемдік нарықта дағдарыс толқынына қарсы тұру мүмкіндіктерінің бірі екенін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Ордабасы: Әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылым жүйелерін жақсартуға арналған бюджет қаржысы уақытылы игерілу тиіс

admin

Президент тапсырмасы: Үкімет экономикалық реформаларды жеделдету шараларын қабылдады

admin

«Құр сөзден ештеңе шықпайды». Президент қазақ тілінің мәртебесі туралы айтты

admin