The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ҚР Парламентінің сенат депутаттары Арыс қаласына іссапармен келді

Бүгін Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев және Әлімжан Құртаев Арыс қаласына іс-сапармен келіп, қала халқымен кездесті.

Кездесуге облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, қалалық мәслихат төрағасы, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, саяси партия жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары, ауылдық округтердің әкімдері, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері және жастар өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиын барысында сенаторлар негізінен халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын баса назар аударды, сондай-ақ жоғарғы палатаның өткен жылғы жұмыс қорытындысына тоқталып, қабылданған заңдардың маңызы туралы айтты.

Сондай-ақ “Әділетті Қазақстанды” құрудағы Президент пен Үкіметтің, Парламенттің қолға алып жатқан саяси, әлеуметтік реформаларына кеңінен тоқталды.

Негізгі баяндамалардан соң жиын сұрақ-жауап қою форматына ұласты. Арыс қаласының «Құрметі азаматы», зейнеткер Оразхан Арыстанбаев азық-түлік бағасын тұрақтандыру, баға өсуінің алдын алу жайында сөз сөйледі. Бұдан бөлек, қатысушылар сенаторларға азық-түлік қауіпсіздігі, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту, оларды баспанамен қамтамасыз ету сияқты мәселелер төңірегінде сұрақтарын қойып, оларға тұшымды жауаптар берілді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Есірткі сатқан 19 жастағы екі студент қыздың үстінен іс қозғалды

admin

Терроризмге қарсы күрес жөнінде мәжіліс өтті

admin

Түркістан: Арыста маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін шетелдік инвестормен келіссөз жүргізілді

admin