The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Құрылыс кодексі Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің биіктігін қалай реттемек

Алматыда тұрғын үй құрылысының биіктігі қаланың орналасқан аймағына қарай шектеледі, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Индустрия және құрылыс вице-министрі Қуандық Кажкенов айтуынша, тау бөктеріндегі аумақта тек үш қабатты үйлер салуға рұқсат етіледі. Тиісті талаптар қала құрылысы регламентінде бекітіліп, қаланың бас жоспарларын әзірлеудің негізі болады.

Сейсмикалық жағдай мен жарылымдарға байланысты микрозоналау карталары негізінде нормативтер әзірленеді. Бұл нормативтерді ғылыми-зерттеу институты дайындайды. Сол регламент аясында 5, 9 немесе 12 қабатты тұрғын үйлер салуға болатын аймақтар анықталады. Қала құрылысы жоспары осылай реттеледі, – деді вице-министр.

Бұған дейін мемлекет салынып жатқан ғимараттардың сапасына қатысты ортақ жауапкершілік алатыны айтылған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандықтар жол-көлік оқиғасын полициясыз тіркей алады

admin

Түркістан: Келесте марокко шегірткесіне қарсы күрес жұмыстары пысықталды

admin

Алматыда жарты миллиард теңгенің мүлкін ұрлаған қарулы топ ұсталды

admin