The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратӘлемБасты жаңалық

Қырғызстанда мешіттер пен медреселер жабылып жатыр

Қырғызстанда мешіттер пен медреселер жабылып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қырғызстанның Ош облысында діни білім берудің бірыңғай стандарты болмағаны үшін 39 мешіт пен 21 медресе жабылды. Сонымен бірге діни орындар құрылыс-сәулет талаптарына сәйкес келмегені үшін де қызметін тоқтатты.

Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, Ош облысында 39 мешітке айыппұл салынып, христиандық бағыттағы 18 діни нысанның қызметі тексерілген.

Діни орындарда сәулет-құрылыс және санитарлық-эпидемиологиялық нормалар ескерілмеген. Ғимараттардың құрылысы ретсіз салынған. Сондай-ақ діни мекемелер аймақта радикалды-экстремистік идеологияның таралуына ықпал еткен, – делінген хабарламада.

Діни нысандар экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мақсатында тексерілген. Тексеру тобының құрамында арнайы қызмет, полиция, Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссия, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау министрлігі, облыстық билік және Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері болды.

Ұқсас жаңалықтар

Арнайы қызметке жол беру – адам өміріне деген жауапкершілік: Мақтаарал ауданында «Еркін жол жүру» акциясы өтті

admin

ШЫМКЕНТТЕ ШЫҒАРЫЛАТЫН ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР 7 ЕЛГЕ ЭКСПОРТТАЛАДЫ

admin

ТҮРКІСТАН: Сарыағашта ауыз су мәселесі оң шешімін тауып келеді

admin