The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Қырғызстанда сел көшкінінен бірнеше адам қаза тапты

 Қырғызстанның Ноокат ауданында сел көшкіні жүріп, салдарынан кем дегенде жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары қайтыс болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатқанын жеткізді.

Қатты нөсерден болған сел көшкінінің астында Ноокат ауданында кем дегенде жеті адам көз жұмды, — деп атап өтті елдің төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі.

Сонымен қатар сел астында бірнеше ондаған бірқабатты тұрғын үйлер қалып, екі көпірді су басқаны айтылды. Ош облысындағы ТЖ орнына апат салдарын жою үшін төтенше жағдайлар министрлігінің отряды жіберілді.

Ноокенде ТЖ режимі жарияланды.

Ұқсас жаңалықтар

Қытайға мұнай сату Қазақстанға тиімсіз – сарапшы себебін түсіндірді

admin

Тоқаев АҚШ сенаторын қабылдады

admin

Отырарда шаруалардың ағын су мәселесі шешімін тауып келеді

admin