The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғамСаясат

Мақтаарал ауданында рейдтік және түсіндіру жұмыстары күшейтілді

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында шомылу маусымының басталуына байланысты тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кең көлемді түсіндіру және рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шараны Мақтаарал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі ұйымдастырып, оған жергілікті атқарушы орган өкілдері, полиция қызметкерлері, Жастар ресурстық орталығының мамандары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Мамандардың айтуынша, негізгі мақсат — судағы қайғылы жағдайлардың алдын алу, әсіресе балалар қауіпсіздігін күшейту және тұрғындар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Осыған байланысты аудан аумағындағы каналдар, су айдындары мен тұрғындар көп жиналатын аумақтарда профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Рейд барысында құтқарушылар мен жауапты сала өкілдері азаматтарға судағы қауіпсіздік талаптарын түсіндіріп, тыйым салынған орындарда шомылудың қауіпті екенін ескертті. Сонымен қатар ата-аналарға балаларды су айдындарына қараусыз жібермеу, жасөспірімдердің қауіпті аймақтарда шомылуына жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жаз мезгілінде өңірде суға кету фактілерінің алдын алу үшін профилактикалық шаралар күшейтілгенін атап өтті. Әсіресе су арналары мен ирригациялық жүйелер көп орналасқан Мақтаарал ауданында қауіпсіздік талаптарын сақтау маңызды екені айтылды.

Іс-шара барысында жергілікті «Санұр ТВ» телеарнасына арнайы сұхбат беріліп, тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі түсіндірілді. Мамандар балаларды қараусыз қалдырмау, белгіленбеген орындарда суға түспеу және мас күйде шомылмау керектігін ескертті.

Сонымен қатар тұрғындарға төтенше жағдай туындаған кезде әрекет ету тәртібі көрсетілген арнайы жадынамалар таратылды. Жадынамаларда алғашқы көмек көрсету жолдары, судағы қауіпсіздік талаптары және шұғыл қызметтердің байланыс нөмірлері қамтылған.

Мамандардың пікірінше, мұндай профилактикалық іс-шаралар халықтың қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттыруға және жаз мезгіліндегі қайғылы оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді. Төтенше жағдайлар қызметі алдағы уақытта да аудан аумағында түсіндіру және рейдтік жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыратынын мәлімдеді.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда XXV қысқы Олимпиада ойындарының қатысушылары марапатталды

admin

Арыстық кәсіпкер 30 отбасына жылу сыйлады

admin

Қостанайдағы түнгі клубта тыр жалаңаш билеген қыздар желіні шулатты

admin