Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының медиация институтын дамытуға арналған жобасы аясында қаладағы 8 аудан әкімдігінің алтауында «Медиатор болу оңай ма?» атты семинар өтті.
Семинарды медитор, «Парасат» медиация орталығы директорының орынбасары Мұхтар Адаев жүргізді. Ал тыңдаушы ретінде сот, медицина, білім беру, құқық қорғау, АХАЖ және тағы басқа салалардың өкілдері қатысты.
Спикер М.Адаевтың айтуынша елдегі медиация саласы 2011 жылы қабылданған ҚР «Медиация туралы» заңы аясында реттеледі. Ол заң бойынша адамдар қоғамдық медиатор да, кәсіби медиатор да бола алады. Қоғамыдқ медиатор болу үшін жергілікті халық пен әкімдіктің қолдауына ие болу керек, ал кәсіби медиатор болу үшін арнайы курстардан өту керек екен.
6 ауданда өткен семинарға барлығы 140-тан астам адам қатысты. Оларға семинар соңында сертификаттар табыс етілді.
