The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Мичурин ауылдық округіндегі өзекті мәселелер талқыланды

Аудан әкімі Нұрлан Байғұт үшінші тоқсандағы халықпен кездесуін Мичурин ауылдық округінде жалғастырды. Саябақта ұйымдастырылған ашық форматтағы жиынға ауыл ақсақалдары мен тұрғындары жиналып, округ аумағындағы өзекті мәселелердің шешу жолдары талқыланды.

Жиында аудан басшысы ауданда және округ кесіндісінде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларды бөлісіп, тұрғындар тарапынан авто жол, білім саласына және ескерген бағаналарды ауыстыруға қатысты көтерілген мәселелерге Заң талаптарына сай жауап берді.

Бүгінде халқы сегіз мыңнан асатын округте төрт елді мекен бар.

Өткен жылдың есептік кездесуінде көтерілген Майтөбе ауылының Астана көшесіне биылғы жылдың көктемінде түнгі жарық шамдары орнатылса,  Көксағыз ауылының Бірлік көшесіне түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстары тамыз-қыркүйек айларында іске аспақ.

Сонымен қатар, биылғы жылы Қожамберді ауылы Бастау және Битөре көшелеріне  орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Нысан 2023 жылға өтпелі.

Жиыннан кейін Нұрлан Мархабатұлы ауыл тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдап, ол жерде көтерілген мәселелерді Заң талаптарына сай шешу мақсатында ауыл әкіміне нақты тапсырмалар жүктеді.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Денсаулық саласына айрықша басымдылық берді

admin

Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет дәрілік заттарды реттеу жүйесіне қол жеткізді

admin

Түркістанда теңдесі жоқ ислам орталықтары бой көтерді

admin