Мұнай бағасы өссе, Қазақстанға 37 млрд доллар пайда түсуі мүмкін

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдегендей, халықаралық нарықтағы мұнай бағасының өсуі Қазақстан бюджеті мен Ұлттық қорға тікелей әсер етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, егер мұнай бағасы барреліне 100 доллар болса, ел бюджетіне қосымша 20 миллиард доллар, ал 120 долларға көтерілсе 37 миллиард доллар түсуі мүмкін.

Мұнайдың нақты бағасы танкерлер жүктелген сәтте анықталады. Ол биржада секунд сайын өзгеріп отырады, сондықтан Қазақстан нарықтағы әрбір өзгерісті көріп, пайдасын есептейді, – деді Ақкенженов.

Министрдің айтуынша, мұнайдан түсетін қосымша табыс әлеуметтік төлемдерге тікелей әсер етуін министрлік қадағаламайды, бұл функция әлеуметтік блокқа жүктелген. Бірақ мұнай бағасының өсуі елдің жалпы қаржылық тұрақтылығына оң әсер етеді.

Біз мұнайдан түсетін кірісті 52%-ға дейін қадағалаймыз. Қалған шығыс бөлігі әлеуметтік және бюджеттік шығындарға бағытталады, сондықтан халыққа әсері көрініс табуы мүмкін, – деп түсіндірді министр.

Ақкенженовтің сөзінше, қазіргі таңда Қазақстанның мұнай экспортында техникалық мүмкіндіктер жеткілікті.

Қазақстанның мұнайы қазір жоспар бойынша Атырау, Самара және басқа бағыттарға кетіп жатыр. Барлық процесс қатаң бақылауда, – деді министр.