The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Облыс тұрғындарының назарына!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Аменгелдіұлы Сатыбалдының Кентау қаласының тұрғындарымен кездесуі 2023 жылғы 3 ақпанда сағат 11.00-де Кентау қаласы, С.Бәйтереков көшесі 2, мәдениет сарайында өтеді.

Сонымен қатар, облыс әкімінің жеке қабылдауы 2023 жылғы 3 ақпанда сағат 12.00-де Кентау қаласы, С.Бәйтереков көшесі 2, мәдениет сарайында өтеді.

Түркістан облысының әкімі Дархан Аменгелдіұлы Сатыбалдының Сауран ауданының тұрғындарымен кездесуі 2023 жылғы 3 ақпанда сағат 16.00-де Шорнақ ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі 14, «Шорнақ орта мектебінде» өтеді.

Сонымен қатар, облыс әкімінің жеке қабылдауы 2023 жылғы 3 ақпанда сағат 17.00-де Шорнақ ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі 20, «Сауран аудан әкімдігі» ғимаратында өтеді.

Қабылдауға алдын-ала жазылу 8(72533) 5-98-99 байланыс телефоны және t.akimat@ontustik.gov.kz электронды почта арқылы 2023 жылғы

2 ақпанға дейін сағат 9-00 ден 19-00 аралығында (түскі үзіліс сағат

13.00-15.00 дейін) жүргізіледі!

​Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандағы спорттың даму қарқыны

admin

Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады

admin

Қазақстанда халықтық медицинаның қандай түрлеріне рұқсат етіледі

admin