The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Облыста мал азығынан тапшылық болмайды

https://www.youtube.com/watch?v=IX8qbBF1aEE

Түркістан облысында мал азығынан тапшылық болмайды. Биыл аймақты 1,5 жылға жететін мал азығы қорымен қамтамасыз етуге мүмкіндік бар. Қажетті 4,1 млн. тонна мал азығы 100% ға жиналған. Қосымша облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан, қала әкімдіктеріне 1 млн. тонна азықтық қорды қалыптастыру жоспары ұсынылған. Жалпы қыстату науқанына дейін 5,1 млн. тонна мал азығы жиналатын болады. Түркістан облысында мал басына қажетті азықтық жем көлемі 784,9 мың тоннаны құрайды. Оның 82% -ы өңірде өндірілген дақылдар есебінен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде: жүгері – 287,1 мың тонна, шитті мақта – 106,8 мың тонна, мақсары күнжарасы – 41,8 мың тонна, арпа мен бидай – 29,3 мың тонна. Бұдан бөлек, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-ы арқылы 9,3 мың тонна кебек агроқұрылымдарға арзандатылған бағамен сатылып жатыр. Бүгінде 334 агроқұрылымға 540 тонна кебек босатылған.

Ұқсас жаңалықтар

Жыл қорытындысы: құқық бұзушылыққа қарсы күресті күшейту, әйелдер мен балалар құқығын қорғау, ТЖ алдын алу және жою бойынша кешенді шаралар қабылдау

admin

Түркістан: Баскетболдан жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтті

admin

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР НЕГІЗІНДЕ СҰХБАТ БЕРДІ

admin