The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Ордабасы: құрылыс саласында ауқымды жобалар қолға алынуда

Аудан әкімі Нұрбек Бадырақов Құрылысшылар күніне орай ауданымыздың сәулеттік жобасына серпін берген бірқатар сала қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

“Ауқымды саланы алға жылжытуда ауданымыздан шыңдалып шыққан құрылысшылардың еңбегі орасан зор. Бірқатар маңызды құрылыс жұмыстары да біздің ауданымызда қолға алынуда. Құрылыс-жөндеу жұмыстары жүріп жатқан бұл нысандар аудан келбетін жақсартса, екінші жағынан жұмыссыз жергілікті азаматтарымызды жұмыспен қамтуға өз септігін тигізуде. Ауданымыздың айбынын арттырып, сымбатына сән қосып, өңіріміздің өсіп-өркендеуіне жаңаша серпін беретін жергілікті құрыш қолды құрылысшылардың ел дамуына қосар үлесі зор деп есептеймін”, деді аудан әкімі өз құттықтауында.

Сала білгірлерімен кездесуде Нұрбек Бақтыбайұлы ауданымыздың алдағы 5 жылдық даму жоспары әзірленіп жатқандығын айта келе құрылысшыларды осы жүйелі жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды.

Кәсіби мерекеге орай өткен кездесу соңында сала қызметкерлеріне аудан әкімінің атынан Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Жетісайда достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында спартакиада өтті

admin

На предприятии В Келесе производят необходимое для тепличного хозяйства оборудование

admin

Шымкентте ұлттық халық санағына онлайн түрде қатысуға мүмкіндік жасалынбақ

admin